Кез келген заманауи компанияның құрылымында, кадрлық қызмет ең маңызды және мағыналы қызмет болып табылады.
Тіпті кадрлық қызметті, мекеменің визит карточкасы не бетке ұстары деп айтуға болады деген жорамал да болады екен. Өйткені, жаңа қызметкердің ең алдымен баратын орны – Кадрлар бөлімі болса керек.
Кадрлар бөлімінің негізгі міндетіне, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерінің талаптарына, Компанияның ішкі нормативті құжаттарына, Компания Саясаты мен Мақсаттарына сәйкес, Компания кадрларына қажетті мамандық, біліктілік және кәсіп иелерін іздеу, іріктеу мен толықтыру жатады.
Қазіргі таңда, Кадрлар бөлімінің қызметі бірыңғай ұйымдастырылған қадамдар кешенінен құралады. Бұл қадамдар, қызметкерлердің кәсіптік мүмкіндіктерін максималды түрде пайдалануға бағытталған болса керек.
Егер қызметкерлер өз жұмысын нәтижелі атқаруда тиісті ынта мен қызығушылық таныта білсе, онда, мекеме, сөзсіз бәсекеге қабілетті бола алады.
Бүгінгі күнде, кадрлық қызметі жоқ сәтті компанияны елестету мүмкін емес. Кадрлық қызмет жұмысының мәні қызметкерлерді есепке алу мен қадағалау болып табылады.
Кадрлық мәселелер бойынша сарапшылардың ойластырылған шешімдері, кез келген компанияда тиісті қызметтік өсу мен еңбекті нәтижелі ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Кадрлар бөлімінің негізгі қызметіне келесілер жатады:
- Компанияның кадрлық саясатын жасау;
- Бөлімдер жетекшілерімен бірлесе отырып, кадрларға деген қажеттілікті анықтау, қызметкерлерді таңдау;
- Кадрлар құрамының сапалық және сандық құрамы туралы деректер базасын қалыптастырып, оны қадағалау, оның дамуы, қозғалысы, жеке құрамды есептеу;
- Қызметкерді ұсыну үшін қор жасау, іскерлік мансапты жоспарлау;
- Қызметкерлерді кешенді бағалау жүйесін жасау;
- Қазақстан Республикасының қолданылатын нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес, жұмыс беруші актісіне сәйкес, қызметкерді жұмыс уақытлы қабылдау, басқа орынға ауыстыру, жұмыстан босату, еңбек әрекеті туралы анықтамаларды беру, қызметкерлердің еңбек кітапшасы мен басқа да құжаттарын толтыру мен сақтау, кадрлар бойынша орнатылған құжаттарды жүргізу;
- Бөлімдердегі табель есебін жүргізуді қадағалау, демалыс графигін орындау, еңбек тәртібінің жағдайы бойынша бақылау жүргізу, кадрлар тұрақтамауына талдау жасау, еңбек тәртібін күшейтетін, кадрлардың тұрақтамауын төмендететін, жұмыс уақытының жойылуын қарсы шараларды жасау.
- Арнайы курстарда оқытуды ұйымдастыру.
Өз қызметтерні нәтижелі орындау үшін, кадрлыө қызмет бөлімі, Компанияның басқа дабөлімдерімен үнемі әрекеттесу керек болады:
Қаржылық-әкімшілік бөліммен еңбекті төлеуге қатысты мәселелер шешіледі, сонымен қатар, жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыру, жұмыстан босату, іссапарға жіберу, демалысқа жіберу, мадақтауға және т.б. қатысты құжаттар, осы бөлімге жіберіледі;
Заңгерлік бөлім кадрлық қызметті Қазақстан Республикасының нақты заңнамасында болып жатырған соңғы өзгерістер туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көп жақты заңға қатысты көмек көрсетеді;
Кадрлар біліктілігі мен басқа да қызметкерлерді басқаруға қатысты мәселелер бойынша кадрлық қызмет үнемі Комапнияның барша басқа құрылымдық бөлімдерімен әсерлеседі.