Мемлекеттік бағдарлама «Жастар практикасы»

Егер де сіз оқу орнын жақында бітірген болсаңыз және де тәжірибе жинауға талаптансаңыз, "Жастар практикасы" мемлекеттік бағдарламасы бағыты бойынша біздің компанияға бір жылға жолдама алатын кез келді.
Осы бағдарлама аясында сіз тәжірибелі тәлімгермен бірге біздің бөлімдеріміздің бірінде жұмыс істеуге мүмкіндік аласыз. Жұмыс орнында тәлім алу сізге  практикалық білім алуға, тәжірибе жинақтауға және де болашақ мансаптық мақсаттарыңызды қалыптастыруға қажет кәсіби біліктіліктеріңізді арттыруға зор мүмкіндік береді. Соңғы 3 жылда осы бағдарлама бойынша жергілікті мансап орталығымен тығыз ынтымақтастық орната отырып, біздің сапқа 5-тен астам түлекті қостық. Бағдарлама аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға тікелей еңбек келісімшарттарын ұсынып, компания қызметкерлерінің қатарына алдық;