Қызмет көрсету цехы

КИОС Техфлоу ЖШС келесі механикалық жұмыстарды, жөндеу жұмыстарын, құралдарды тексеру мен дайындау секілді жұмыстарды атқарады.

1Сағалық жабдық пен атқыма және ілмекті арматураларды жөндеу, АРI стандарттарына сәйкес жинақтау мн сынамалар жүргізу
2Сағалық жабдық пен құрамдас бөліктерді түрлендіругее қатысты шешімдер іздеу
3Жүйенің біртұтастығын тексеруді жүргізу
4Ысырмаларды, сағалық жабдықтарды сынауды өткізу (гидро сынақ, газбен тестілеуді жүргізу) 15.000 пси дейін
5API фланецтерін механикалық өңдеу
6Реттеуші клапандарды,оқшаулағыш клапандарды, гидравликалық және пневматикалық жетектерге техникалық қызмет көрсету мен сынау
7Сақтандырғыш клапандарды жөндеу мен сынау
8Құм ағынымен өңдеу мен бояу жұмыстары бойынша қызмет көрсету
9Бұзбай бақылау бойынша инспекция
Буатты білдек – ойық кілтектерді өлшенетін және өлшенбейтін буатты жонғыштар көмегімен өңдеуге арналады.
Үйкегіш білдек – бұйымдардың жалпақ және цилиндр беттерін ысқылағыштар көмегімен жетілдіру мен үйкеу үшін арналады. Олардың бетіне қажақты қоспалар, пасталар, суспензиялары жағылады.Білдектер өз кезегінде, тік үйкегіш білдектер (ішкі және сыртқы беттерді өңдеу үшін арналған) және көлденең үйкегіш білдектер (сыртқы беттерге арналған) болып бөлінеді. Көлденең үйкегіш білдектің бір немесе екі үйкегіш плиталары болады, олардың арасындағы сепараторға (тетік ұстағышқа) өңделуі қажет тетіктер салынады. Плиталар түрлі жиілікпен бір бағытта немесе қарама қарсы бағытта айналып, сепаратор көлденең жазықтықта тербелетін қозғалыс жасайды. Үйкегіш плитаға қатысты өңделетін тетік беттерінің күрделі қозғалысы нәтижесінде, олардың біркелкі өңделуі қамтамасыз етіліп, пішіннің жоғары дәлдігіне қол жеткізіледі (кемшілік 1-3 мкм дейін).
Жону білдегі – жалпақ және бір қалыпты беттердің жонғышы, тісті доңғалақ және т.б. метал және басқа дайындамаларды өңдеуге арналады.
Гидросынақтарға арналған үлескілер – жабдықтың беріктігін оны жоғары қысыммен сынау арқылы бақылау жүргізілетін үлескі болып табылады.
Бассейн мен азотты генератор жинағымен газ сынақтарын жүргізуге арналған үлескі – газды тестілеуге арналған (газбен сынақ жасау) бірден бір ерекше жабдығы бар үлескі болып табылады.
Бұрғылайтын білдек – тұтас материалда тесік немесе бітеу саңылаулар алу үшін, таза өңдеу үшін, дайындамада басқа бір тәсілмен пайда болған саңылауларды қашау (үңгілеу, жазу) үшін, ішкі бұрандаларды кесуге, дөңбек төселген беттерді үңгілеу үшін арналған металлды кесетін білдек болып табылады.

Құм ағынды тазарту – жабдық немесе материалдың беткі қабатын құм я болмаса басқа қажақ ұнтақтармен зақымдау және тазалау жолымен, ауа ағынын шашырату, ал гидро өңдеу кезінде су ағынымен немесе басқа сұйықтықпен өңделетін салқын қажақ өңдеу болып табылады.

Бояу үлескісі – сынақтан өткен жабдықты бояу жүргізілетін үлескі болып табылады.