Сапаны бақылау бөлімі

Сапаны бақылау үрдісінің нәтижелі жұмыс жасауы мақсатында, мекемеде сапаны бақылау бөлімі қалыптастырылған болатын.



Сапаны бақылау бөлімі – сапаны қамтамасыз етумен, сапаны бақылаумен, халықаралық стандарттарға сәйкес болуын, заңнамалық талаптарға сәйкес болуын қадағалаумен айналысады. Не ол, не бұл талаптарды зерттеумен айналысып, оларды өндіріске, немесе басқа іс-әрекетке енгізеді. Нәтижелі сапаны бақылау жүйесі жұмыста болатын шалыстарды азайтуға немесе алдын алуға көмектесіп, болашақта материалдық шығындар мен ысыраптарды азайтып, болдырмауға септігін тигізеді. Осылайша, бақылау үрдісінде, өндірістік үрдістер мен сәйкессіздіктерді алдын алуға аса көңіл бөлінеді.
Сапаны бақылау бөлімінің құрылымына білікті инженер мамандар мен сапа бойынша инспекторлар кіреді, олар өндірістік үлескілерде, бақылауды жүргізеді.

Сапаны бақылау бөлімі сәйкессіздіктерді алдын алу мен болдырмауды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады және бақылаудың нәтижелері мен қорытындыларының шынайылығына жауап береді.

Бөлімнің негізгі міндеттеріне, сонымен қатар, спапаны бақылау қызметінің негізгі қызметтеріне келесі міндеттер жатады:

Компанияның сапалы және бәсекеге қабілетті қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
Компания үрдісінің барша иемденушілерін әдістемелік қамтамасыз ету (нормативті-техникалық және технологиялық құжаттама, анықтама материалдар).
Ішкі ережелерді сақтаудың талап етілуін бақылау;
Көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасының жоғары болуы үшін өндірістің барша бөлімдерінің жауапкершілігін арттыру;
Компания көрсететін қызметтің сапасын бақылау;
Көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту мен арттыру үшін тиісті шараларды жасау.
КИОС Техфлоу компаниясындағы сапаны бақылау үрдісін ұйымдастырудағы негізгі рольдердің бірін жауапкершілік пен өкілеттікті сауатты реттеу атқарады.
Бұл жағдайда, әрбір қызметкер білік пен еңбек өтіліне қойылған талаптарға сәйкес болып, өзінің лауазымдық міндеттерін қатаң атқаруы қажет.
Бақылау деңгейі, өз кезегінде, қызметкерлердің біліктілігі мен олардың өндіріс пен бақылау үрдісіне деген мұқият қарауына байланысты болады. Сәйкессіздіктерді әлдеқайда азайтудың ең тиімді әдісіне, қызметкерлерді тиісті оқытудан өткізіп, оларды аттестациялау жатады.

Бөлім жүргізген бақылаудың нәтижелеріне қарай отырып, келесі шешмідердің бірі қабылдануы мүмкін:

Тіркеумен бірге, бақылаудың нәтижелері компанияның ішкі тәртібіне сәйкес таңбалану арқылы дәлелденеді.


Сапаны бақылау бөлімі, КИОС Техфлоу компаниясының барша құрылымдық бөлімдерімен қарым-қатынас жасайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына – біріктірілген менеджмент жүйесі арқасында жүзеге асырылып жатырған Қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау бөлімімен бірлестік жатады.